Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Танты ауылында мешіт ашылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 03.05.2024 583 0 пікір
Жамбыл: Танты ауылында мешіт ашылды

Жамбыл облысының Танты ауылында «Танта баба» мешіті ашылды.

Мешітті ауыл тумасы Дадабаевтар әулеті салып, елдің құлшылық жасау мүмкіндігіне себепші болды. Құлшылық ордасының ашылуына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, облыстық және аудандық билер кеңесінің төрағалары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанаты облыс бас имамы, қари Бейбіт Мырзагелдиевтың құран оқуымен басталып, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы құран сауабын Дадабаевтар әулеті мен Танты ауылынан бақилық болғандарға бағыштап, дұға жасады.

Сондай-ақ наиб мүфти мешіт ашылуымен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Бұл мешіттің негізгі мақсаты ауызбіршілікке, бірлікке шақыратын орын екендігіне және жеке оқығаннан мешітте жамағатпен оқылған намаздың 27 есе артық сауап болатынына тоқталды. «Мешіт тек құлшылық мекені ғана емес, сауаттылық пен білімнің, тақуалық пен ихсанға тәрбиелейтін орны» - деп атап өтті. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кімде-кім Алла үшін мешіт салса, Алла Тағала оған тура сондай етіп, жәннатта бір үй тұрғызады»  - деп, осы мешіттің салынуына ат салысқан Дадабаевтар отбасы мен барша мұрындық болғандардың істеріне береке тілеп, алғысын білдірді. Бейбіт Ералыұлына наиб мүфтидің атынан «алғыс хат» табысталды.

Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жаңа тағайындалатын имамға Алланың сөзі болған құран кәрімді сыйлап, қызметіне табыс тілеп, жамағатының көп болуына, елге Алланың разылығы үшін адал жұмыс жасауға, халықтың көңілін шығатындай қызмет тіледі.

Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев халықтың жақсылығы мен игілігіне қызмет атқаратын мешітерден болуына батасын берсе, Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мемлекеттің діни саясатына ықпалын тигізетін, имандылыққа шақыратын мешіттерден болуын тілге тиек етті. Мешітке келген ауыл ақсақалдары баталарын беріп, лента қию рәсімімен жалғасты. Алла үйіне кірген жұртшылық екі ракат намаз оқып, шынайы Аллаға шүкіршілігін білдірді.

Келген қонақтар мешіттің жанынан бой көтерген асханада дастархан басына жайғасып, құран оқылып, дұға-тілектер айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру