Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Мешіт қызметкерлері арасында мини футболдан турнир өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 03.05.2024 434 0 пікір
Қызылорда: Мешіт қызметкерлері арасында мини футболдан турнир өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті.

«Қайырымдылық жаршылары» шарасына Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қала, аудан және ауыл мешіттерінің қызметкерлерінен жасақталған он құраманың ішінен оқ бойы оза шапқан «Қызылорда қалалық мешіттері», «Қазалы», «Жаңақорған» құрамалары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иемденіп, қаржылай сыйлықтарды (100 000  тг, 70 000 тг, 50 000 тг) қанжығаларына байлады.

Сонымен қатар «Шиелі» құрамасының ойыншысы Халиулла Дарын «Үздік қақпашы» атанса, «Арал» құрамасының ойыншысы Кубеев Абдулла «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру