Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ РАНТ МҮШЕЛЕРІ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 03.05.2024 452 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ РАНТ МҮШЕЛЕРІ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Шымкент» медресе-колледжінің конференц залында Республикалық ақпараттық насихат тобы мүшелерінің қатысуымен Ақида ілімі, Ихсан ілімі және дәстүр құндылығы жөнінде кеңейтілген діни семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және аудан, қала имамдары мен ұстаздар қатысты.

Айтулы рухани танымдық семинарды бас имам Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Семинарда РАНТ мүшесі әрі Қаратау аудандық мешітінің имамы Дастан Желеуов «Ихсан ілімі: Тәуессул мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Осыдан кейін, РАНТ мүшесі ұстаз Нұрсұлтан Мамедалиев «Ақида ілімі: Тәуил мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, жан-жақты ашып берді. РАНТ мүшесі Ералы Есенгелдиев «Уақып – сарқылмас қазына» жөнінде баяндама жасады.

Мұнымен қатар, ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында имамдарға «Бейбісара ана» мешітінің имамы Самат Анарбаев «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында дәріс оқыды. Жалпы, семинар барысында имамдарымыз уағыз-насихат айту әдебі, ақида ілімі, Ихсан ілімі, жат ағымдармен жұмыс жүргізу тәртібі, дәстүр құндылығы туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын алды.

Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы мәртебелі ұстаздарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру