Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ЗИРАТ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 04.05.2024 606 0 пікір
АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ЗИРАТ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы Алматы қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен шаһардағы зират орындары тазартылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» республикалық тазалық шарасы өткізілді. Сауапты да игі амалға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен қала мешіттерінің имамдары үлес қосты. Қаладағы сегіз аудан имамдары мен  мешіттің дін қызметкерлері, қала тұрғындары мен ерікті жастар әр ауданға қарасты зираттарды қоқыстан тазартты.

Жоғары деңгейде өткен шараға Алматы қаласы әкімдігінің ақпараттық және тазалық мекемесінің жүк тасмалдау техникалары жұмылдырылып,  ҚМДБ тарапынан қабылданған  «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кеңінен түсіндірілді. Зиратта марқұмдар рухына Құран оқылып, дұға етілді. Игі шараға қатысқан барша азаматтарға Алла Тағала мол сауаптан жазсын.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру